Үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктері мол

(0 Votes)

Азаматтық қоғамда жылдан-жылға Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қатары артып келеді. Көп жағдайда аталған ұйымдарды үшінші сектор деп те атайды. Бірінші сектор ол – мемлекет, екінші сектор бұл – бизнес. Ал үшінші сектор деген коммерциялық бизнес емес. Бұл бірнеше адамдардың бірлесіп, қоғамдасып жұмыс істейтін тобы. Олар әртүрлі қызметпен айналысуы мүмкін. Бірақ мақсаттары пайда табу болмайды. Ең бастысы, Үкіметтік емес ұйым олар – белсенділер.

Өткен аптаның жұма күні аудандық жастар ресурстық орталығында облыстық жергілікті үкіметтік емес ұйымдарына арналған семинар-тренинг өтті. «Ақпарат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Елешова және «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы «Азаматтық орталық» КММ-сі директорының орынбасары Әйгерім Қуатова жүргізген семинар-тренингте «Әлеуметтік тапсырыстар», «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының гранттық жобаларына түсу тақырыбы айтылды. Шараға азаматтық қоғам өкілдерінен бөлек белсенді жастар да қатысты.

«Әріптестерінің жұмысына бағыт беріп, дәрежесін көтеру, сауатын ашу мақсатында ауданымызға қонақтардың келуі қасиетті айдың қасиетті күніне тұспа-тұс кеп тұр екен. Ендеше бүгін беретіндеріңіз қайыры білім болсын», - деп «Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығы КММ-нің аудан бойынша жұмысты үйлестіру бөлімінің бас маманы Жанат Жұмағалиева тренерлерге сәттілік тіледі.

Қатысушылар әлеуметтік тапсырысқа қатысу және жоба жазып, грант ұту жөнінде түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

А.ЖҰМАБЕКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT