Теміржолшылар марапат биігінде

Теміржолшылар марапат биігінде
фото: автордікі
(0 Votes)

Бүгін аудандық мәдениет үйінде көлік және байланыс қызметкерлері күніне орай салтанатты іс шара өтті.

Салтанатты шарада алдымен сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің экономикалық дамуы жолында еңбек етіп жүрген бір топ сала мамандарын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Сонымен қатар, шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шанғалаев, "Аманат" партиясы Мақат аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев, Мақат станция басшысы Қасым Табылдыұлы, Локомотив пайдалану депосының бастығының міндетін уақытша атқарушы Айдарбек Темірбекұлы ізгі-тілектерін жеткізіп, бірқатар қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ботакөз Асхатқызы

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521