ПАЛУАНДАР БОЗКІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ

(0 Votes)

Жақында Атырау қаласында еркін және грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер және жасөспірімдер арасында Атырау облысының іріктеу чемпионаты өтті.

Аталмыш жарысқа Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтқанда 35 келі салмақ дәрежесінде Диас Серік пен 65 келі салмақта белдескен Нұрлыбек Асан жарыс жеңімпазы атанып, аудан абыройын асқақтатты. Ал, Әділет Төлеп пен Нұрдәулет Сұлтан ІІ орынға ие болып, күміс медальді қоржынға салса, Нұрбек Саматұлы мен Диас Мағауия ІІІ орынды місе тұтты.

Алдағы уақытта Диас Серік пен Нұрлыбек Асан ел чемпионатына қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, спортшылардың жетістігінде жаттықтырушылары Исмет Асқаров, Әмірхан Жүгінісов және Аян Абаевтың еңбегі орасан зор.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT