Әскер – ел қауіпсіздігінің тірегі

(0 Votes)

ХХІ ғасыр жаһандану дәуірінде мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек жауынгер санына ғана емес, ең алдымен заманауи әскери техника мен оны кәсіби деңгейде басқара алатын білікті мамандарға байланысты. Әскери қуаттың негізі – жоғары технология, ал сол технологияның сенімді жұмыс істеуі әскери техникалық мамандардың білімі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сондықтан әскери техникалық мамандықтар бүгінгі таңда ел қорғанысындағы ең маңызды әрі сұранысқа ие салалардың біріне айналып отыр. Қазіргі заманғы әскер – тек сапта тұрып, қару ұстаумен шектелмейді. Әскери қызмет жас азаматтарды тәртіпке, төзімділікке ғана емес, сонымен қатар техникалық сауаттылыққа, инженерлік ойлауға баулиды.

Танктер мен бронды техникалар, артиллериялық қондырғылар, әскери авиация, байланыс және басқару жүйелері, электронды және цифрлық құралдар күн сайын жетілдіріліп келеді. Осындай күрделі техниканы тиімді пайдалану, уақытылы жөндеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету арнайы дайындықтан өткен кәсіби мамандарды қажет етеді. Әскери техникалық салада қызмет ететін мамандар тек техника тілін меңгеріп қана қоймай, кез келген жағдайда жедел әрі нақты шешім қабылдай білуі тиіс.

Бүгінде азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлап, еліміздің қарулы күштерінің қажеттілігіне сәйкес арнайы оқуға шақыруда.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылы 16 ақпанында №561 заңының 12 бабына сәйкес, өтеулі және өтеусіз негіздегі азаматтар арнайы мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі. Әскери-техникалық мамандықтар қатарына механик-жүргізуші, байланысшы, радиотехник, электр маманы, қару-жарақ технигі, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің операторы, дрон операторы секілді маңызды салалар кіреді. Бұл мамандар әскери техниканың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, ел қауіпсіздігін нығайтуда шешуші рөл атқарады.

Атап өткендей, өтеусіз негізде әскери техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамды, он жеті жас алты ай мен жиырма екі жасқа дейінгі азаматтар даярлық қызметін міндетінше аяқтайды. Олар даярлықты бітіргеннен кейін мерзімді әскери қызметке немесе жұмылдыру резервіне алынатын азаматтар арнайы шақыртылады. Өтеулі негізде денсаулық жағдайы әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі әскерге шақырылушылар алынады.

Қорғаныс министрлігінің бұл мамандандырылған ұйымы басшысының оқуға қабылдау және оны бітіру туралы бұйрығы шыққан күннен бастап есептеледі. Аталмыш әскери техникалық даярлауға Қорғаныс министрлігінің ұйымдарында оқып жатқан азаматтар оқу кезеңінде әскери қызметші мәртебесін ала алмайды. Әскери –техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде әскерге шақырылушылардың, әскери міндеттілердің жұмыс орны, атқарушы қызметі сақталады. Осы кезеңде оларды жұмыс беруші жұмыстан шығармайды және арнайы оқу демалысын береді,сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша оқудан шығарып жіберілмейді. 2026 жылғы оқу кезеңінде 12 қаңтар – 11сәуір және 13 шілде – 12 қазан аралығында, әскери техникалық мамандық филиалдары арқылы ақысыз негізде «ВС1С» санаттағы әскери жүргізушілерде оқытуға 2 адамға арнайы жүктеме наряды берілген. Бұл істе де өзіндік нормалары белгіленген, бойы 170 см-ден төмен болмауы тиіс, жасы 22 жастан жоғары емес, білімі орта білімнен төмен болмауы керек деген талаптар қойылған.

Әскери техникалық мамандықтар бойынша оқуды тәмәмдаған соң, әскерге шақырылушылар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметке міндетті түрде шақырылады. Жалпы алғанда осынау әскери техникалық мектепке қабылдау жоспарына сәйкес, ауданымызға өтеулі негізде оқуға 8 адамға жүктеме наряды берілген. Осыған байланысты 24 және одан астам жасқа толған денсаулық жағдайы жарамды және шектеулері бар әскерге шақырылушылар оқылады. Аталған жоба 2026 жыл бойынша арнайы оқу кезеңдеріне де бөлінген. Алғашқы оқу күндері 12 қаңтар – 20 ақпан басталып артынша, 23 ақпан – 8 сәуір, 13 сәуір – 26 мамыр, 01 маусым – 11 шілде, 13 шілде – 21 тамыз, 24 тамыз – 3 қазан, 5 қазан – 14 қараша, жылды қортындылап соңғы оқу кезеңі 16 қараша – 26 желтоқсанда аяқталады. Ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігі әскери техникалық мамандардың еңбегімен тығыз байланысты. Олар жауынгерлік дайындық кезінде де, бейбіт уақытта да әскери техниканың жарамдылығын қамтамасыз етіп, Қарулы Күштердің тұрақты жұмыс істеуіне үлес қосады. Сондықтан әскери техникалық мамандықтарды таңдау — тек кәсіби бағыт емес, Отанға қызмет етудің жауапты әрі мәртебелі жолы.

О.Қарашолақов,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT