Жуырда Алматы қаласында Педагогикалық идеялар фестивалі байқауының республикалық кезеңі өтті.
Аталмыш байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық идеялар мен тиімді оқыту тәжірибелерін анықтап, оларды білім беру жүйесіне кеңінен енгізу. Сондай-ақ заманауи білім беру талаптарына сай жаңа әдіс-тәсілдерді насихаттау, үздік педагогикалық тәжірибелерді көпшілікке тарату көзделді.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған байқауға еліміздің әр өңірінен білікті ұстаздар қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Аталған білім додасында ауданымыздағы М.Баймұханов атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Әсемгүл Таумұрынова жоғары кәсіби шеберлігімен көзге түсіп, жүлделі III орынды иеленді.
Бұл жетістік ұстаздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі әрі білім саласындағы үздік тәжірибесінің айқын көрінісі.
Ж.ҚАМЗА



