Доссор кентінде жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген 565 жер телімдеріне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым (ауыз су, газ, электр) желілерінің құрылысы 2022 жылы басталған болатын.
Жоба бойынша су құбыры 42 шақырым, газ құбыры 24 шақырым, электр желілері 26 шақырым. Мердігер «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-гі.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына деиін пайдалануға беру жоспарлануда.
"МТ"