Мемлекет басшысы өткен жылдың басты қорытындысын атап өтті

(0 Votes)

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттерге қатысты ойларын ашық жеткізді. Сұхбат барысында 2025 жылы еліміздің қол жеткізген маңызды табыстарына ерекше тоқталып, оларды ауыз толтырып атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан экономикасы 6 пайыздан астам өсу көрсетіп, ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллар межесіне жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асты. Бұл көрсеткіш еліміз үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін рекордтық деңгей болып саналады. Жалпы, барлық салалар ойдағыдай жұмыс істелді деуге болады.

Дегенмен Мемлекет Басшысы барлық мемлекеттік қызметшілерге тоқмейілсіп, масайрап отыруға мүлде болмайтынын үнемі ескертіп отыратынын атап өтті. «Біз тынымсыз еңбектеніп, тек алға ұмтылуымыз керек. Оның үстіне, әлі де түйіні тарқатылмаған мәселелер аз емес», – деп Ел Президенті әлі де бірқатар келелі істердің атқарылу қажеттігін жеткізді.
Мемлекет Басшысы бұдан бөлек салық және экономикалық реформалар, көлік логистикасы, туризм, кәсіпкерлік және бизнес салалары сияқты бірқатар маңызды тақырыптарға да терең тоқталып, елдің дамуы мен алдағы міндеттер туралы толық баяндады.

Қабылхан Омаров,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT