ДОССОРЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

(0 Votes)

Жуырда Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің облыстық кубогі өтті.

 Айтулы жарысқа әр ауданнан жиналған жас спортшылар қатысты. Жарыстың басты мақсаты - өңірде спортты дамыту, жас спортшылардың кәсіби деңгейін арттыру және болашақта ел намысын қорғайтын спортшылар резервін қалыптастыру болды. Сонымен қатар, облыстық кубок жас дарындардың шеберлігін шыңдап, өз мүмкіндіктерін дәлелдеуге жол ашты.

Спорттық дода аясында дзюдо, бокс, таэквондо, еркін күрес және грек-рим күресі бойынша сайыстар ұйымдастырылып, барлығы 22 команда қатысқан тартысты бәсекеде әр салмақ дәрижесінде өзара мықтылар анықталды.

Аталған жарысқа Доссор кентіндегі Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да қатысып, жоғары нәтижелермен көзге түсті.

Атап айтқанда, 33 кг салмақта Абдусамат Азаматұлы мен 40 кг салмақта Мирас Ильясов алтын жүлдені иеленсе, ал 70 кг салмақта Нұрбол Амангелді күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл жетістіктер – жас спортшыларды жарысқа тыңғылықты дайындап, жүйелі жұмыс жүргізіп жүрген Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Нұрберген Нұржанұлының да тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Г.ЖҰБАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT