Ардагерлер бас қосты

(0 Votes)

Сейсенбі күні әлеуметтік кеңсе орталығында Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Мақат ауданының ардагерлерімен кездесу өткізді.

 

Алдымен келген қонақтар әлеуметтік кеңсе ғимаратын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Елдің дамуына зор үлес қосқан ардагерлер қауымының ұсыныс-пікірлерін тыңдау, қоғамдағы рөлі мен белсенділігін одан әрі арттыру бағытында өткен жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсел Қаржауова, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, кент, округ әкімдері және аудан ардагерлері қатысты.

Жиын барысында алдымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Бисенғалиұлы 2025 жылы ауданда жүйелі түрде жүзеге асқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар, аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсел Қаржауова аудан бойынша 2024-2025 жылдарындағы аудан әкімдігінің әлеуметтік, экономикалық бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Әрі қарай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Әнесұлы аудандағы әрбір шараларға белсене қатысып, жүйелі жұмыстар атқарып жүрген ардагерлерге алғысын білдіріп, жиынға қатысушылар әр бағыттағы өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Жиын соңында Бақтықожа Салахатдинұлы 100 жылдық тарихы бар аудан жұмысының қарқынды екендігін тілге тиек етіп, ардагерлер ұйымының қызметіне, атқарған жұмыстарынына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, ардагерлер тарапынан айтылған ұсыныстарды ескере келе, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT