Қамысқала ауылдық округі бойынша «Таза Қазақстан» ақпараттық жүйесінде арнайы онлайн платформа іске қосылды.
Аталған платформа өңіріміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған және тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында құрылған. «Таза Қазақстан» ақпараттық платформасы арқылы ауыл тұрғындары қоршаған ортаға қатысты өзекті мәселелерді, атап айтқанда заңсыз қоқыс орындары, тұрмыстық қалдықтардың жиналуы, жасыл желектердің күтімсіздігі, санитарлық жағдайдың бұзылуы сияқты мәселелерді жедел түрде хабарлай алады. Платформаның басты артықшылығы – тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жедел қабылдап, оларды тиісті мекемелерге бағыттау және мәселенің уақытылы қарастырылуын қамтамасыз ету. Бұл жүйе экологиялық проблемаларды шешу үдерісінің ашықтығын арттырып, қоғамның белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Барша ауыл тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамай, платформа мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырамыз. Бірлесе әрекет ету арқылы ғана таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыра аламыз.
Платформаға кіру үшін: https:
//t.me/TazaQazBot https://idp.egov.kz/idp/sign-in



