МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАНҒА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

(0 Votes)

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов ауданға іс-сапармен келіп, “ДоссорМұнайГаз” мұнай өндіру басқармасында кездесу өткізді.

Кездесуге аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әсел Қаржауова, “ДоссорМұнайГаз” МГӨБ бастығының міндетін атқарушы Ербол Наурызбеков, “Amanat” партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идрисов, аудандық мәслихаттың төрағасы Азамат Шаңғалаев, “Amanat” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев, аудандық мәслихат депутаттары мен бірқатар мұнайшылар қатысты.

Кездесу барысында өндірістегі өзекті мәселелер, әлеуметтік қолдау бағыттары және инфрақұрылымды дамыту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар жиын барысында мұнайшылардың ұсыныс-пікірлеріне кезек беріліп, ауданымыздағы сордың үстіне демалыс саябағын салу жөніндегі ұсыныстар айтылды.

Бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде жоғары бағалады.

Кездесу соңында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер тиісті тәртіп бойынша қаралып, алдағы уақытта нақты шешімдер қабылданатындығы жеткізілді.

Г.Жұбанышқалиева,

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT