Атырау облысы білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімі 2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды

(0 Votes)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді берушілердің тізбесіне енгізілген талаптарды жүзеге асыратын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады. 

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсету) шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;

6) конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

Расайтын құжаттар:

1) Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №59 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2021 жылғы 13 шілдеде № 23469 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;

2) Санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;

3) Тәрбие мен оқыту бағдарламаларының Стандарт талаптарына сәйкестігі.

Конкурсқа сұраныс және қосымша ақпарат алу мына мекен-жайда жүргізіледі: Мақат кенті, С.Мұқашев №47, Атырау облысы білім беру басқармасының Мақат аудандық білім бөлімі тел: 3 21 73

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT