«Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген ұлағатты сөзді батыр Бауыржан Момышұлы терең мағынада айтқан.
Себебі қоғамда тәртіп пен заң үстемдігі орнамайынша, тұрақты даму мен берекелі өмір туралы айту мүмкін емес. Бұл қағиданы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауларында жүйелі түрде атап келеді.
Президенттің пікірінше, мемлекеттілік тұғырын нығайта түсу үшін заң үстемдігін қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. «Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажет. Заңсыздық пен тәртіпсіздік елді тұйыққа тірейді. Ал тәртіпке бағынған қоғам ғана өркениетті бола алады. Әр азамат заңды құрметтесе, елде береке-бірлік пен тұрақтылық орнайды», – деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы.
Аталған тақырып бүгінгі қоғам үшін өзекті. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қараған жағдайда ғана ел ішінде тыныштық пен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті сезіну арқылы ғана қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға болады.
МТ



