Таза болсаңыз, сары ауруға шалдықпайсыз

(0 Votes)

Баланың денсаулығын сақтау – ата-ананың міндеттерінің бірі. Ал оның денсаулығын сақтау шараларының бірі – аурудың алдын алу арқылы жүзеге асады.

Кез келген аурудың алдын алуда денені шынықтыру, тазалыққа көңіл бөлу, дұрыс қоректенудің маңызы зор.

Өткен аптада аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары «А» вирусты гепатит ауруының алдын алу мақсатында Абай Құнанбаев, Ораз Сарғұнанов, Біржан Қанатбаев орта мектебінде оқушылар арасында дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға «А» вирусты гепатит ауруы және оның берілу механизмдері, алдын алу шаралары туралы айтылды. Дәріс барысында парақшалар таратылды. Жалпы барлығы 48 оқушы қатысты.

Жалпы, А вирусты гепатиті - бауыр зақымдануынан туындаған вирустық өткір жұқпалы ауру. Ластанған су және азық-түлікпен тамақтанған кезде беріледі. Ауырған науқас адамдар инфекция көздері.

Вирус гепатитінің қоздырғышы қоршаған ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, содан кейін дені сау адамның ағзасына сумен немесе тамақпен беріледі. Вирусты гепатит "А" сыртқы орта факторларына және дезинфекциялық құралдарға жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді, вирустың тамақ өнімдерінде өмір сүру ұзақтығы 1 жылға дейін жетеді.

Көбінесе ауру тұмауға ұқсас ауру белгілерімен басталады, тәбеттің жоғалуы, жалпы әлсіздік, жүректің айнуы, құсу, қызудың көтерілуі. Алайда, науқасты бұл тоқтатпайды, олар әдеттегідей жұмысын жалғастырып, дәрігерлерге жүгінбейді. Алғашқы белгілері қарапайым зәрдің түсі өзгереді, несептің сары түстен қоңыр, сыра түсіне дейін өзгеруі байқалады. Науқастың жақын туыстары бірінші болып байқайтын тағы бір белгісі ол көздің (көз белоктарының) сарғаюы.

Гепатит ауруының тағы бір белгісі нәжістің түссізденуі болып табылады. Сарғаюсыз өтетін инфекциялар болуы мүмкін, ол кезде жүрек айну, тәбеттің жоғалуы және іштің ауруы мүмкін. Сарғаю әдетте жас ұлғайған сайын жиі тіркеледі, 5 жасқа дейінгі балаларда сарғаю сирек кездеседі, көбінде сарғаю түрі ересектерде кездеседі. Гепатит "А" ауруынан көз жұму, өлім-жітім 1%-дан 30%-ға дейін болуы мүмкін. Бұл ретте өлім-жітім жас ұлғайған сайын арта түсуі созылмалы бауыр ауруының көбеюіне байланысты айқын анықталады.

Республикада вирусты гепатит"А" аурушаңдықты азайту мақсатында мақсатты іс-шаралар өткізіліп келеді. Жұқпалы "А" гепатитінен қорғаудың неғұрлым тиімді жолы екпе жасау іс-шаралары болып табылады. Жоспарлы екпе жасау 2 жасқа толған балаларға және шұғыл түрде ошақтарда қатынаста болған 14 жасқа дейінгі балаларға арасы 6 ай сайын 2 екпе жүргізіледі. Вакцинация көмегімен құрылған иммунитет 20 жыл және одан да көп сақталады. Жалпы алдын алу шаралары кәдімгі күнделікті гигиенаны сақтаудан тұрады. Тамақтанудың алдында, дәретханадан кейін қолды сабынмен жуу қажет. Жемістер мен көкөністерді пайдаланар алдында мұқият таза сумен жуу керек. Жеткіліксіз өңделмеген ет, балық етін және теңіз өнімдерін қолданбау. Қайнатылған немесе құтыдағы таза суды ғана ішу қажет. Вирустық гепатитпен көбіне 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жиі ауыратындығы ескерілді. «А» вирусты гепатиттің профилактикасы ең алдымен жеке бас тазалығы, тамақ жер алдында міндетті түрде қол жуу, тағам дайындау кезінде тазалық ережесінің сақталуын қадағалау керек екені айтылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521