Аңдап жүрмеген жарақат алады

(0 Votes)

Республика бойынша қыркүйек айында жарақаттың алдын алуға орай шаралар ұйымдастырылады.

Ауданымызда да заңды тұлғалар бірлестігінің әлеуметтік жобаларына сәйкес «салауатты өмір салты қоры» мамандарының ассосациясының қолдауымен өткен аптада Х.Санбаев атындағы орта мектебінде оқушылармен кездескен хирург дәрігер А.Әбдірахманов жарақаттың алдын алу және алғашқы көмек туралы кеңес берді.

Дене мүшелерінің зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан болатын жайсыздықтар туралы медицина қызметкерінің кеңесін мұқият тыңдаған оқушылар сауалдарын берді. Көшелерде көліктердің көбеюі, тұрмыстық электрлі техникалардың көптеп шығуы, үлкен ғимаратты құрылыстар, қазіргі кездегі балалардың әр нәрсеге тым белсенділік танытуы, осындай жағдайдың тууына әкеледі. Балалардың жарақаты жаз –күз мезгілінде көбейеді екен. Жоғары технологиялық прогресс және кездейсоқ жағдай бала жарақатын қиын дене бұзылуына, қан кетуге өмірлік қажетті функцияның бұзылуына кейде мүгедектікке, тіпті өлімге алып келетін қайғылы оқиғалармен аяқталуы мүмкін.

Жарақаттың алдын алу мынадай кеңестер берілді: көшеде жолда жүру ережесін қатаң сақта, жолдың белгілерін жатқа біл, көшенің көлік жүретін жолында ойнауға болмайды. Жалпы қозғалыс көлігінде қол ұстайтын жерді ұста. Жеңіл автокөлікте, артқы бөлікке отыруға тырыс, алға отырсаңыз, қауіпсіздік үшін белбеуді салыңыз және есіктің дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Егер маңайыңызда су көлшігі болса, сақ болыңыз. Үлкендердің қарауында болыңыз. Ағашқа міну, сақтық жоқ құрылыстарда терең жарақат алу қаупі жоғары. Велосипед, ролик скейтборларда сырғанау өте қауіпті. Сондықтан зейінділікпен қарағаныңыз жөн. Өсімдіктерді, жемістерді, білмейтін болсаңыз, қозғамаңыз, жемеңіз. Тұрмыстық газ және электрлік құралдарды өте сақтықпен ұстау керек. Пісетін және кесетін заттармен абай болыңыз; Сіріңкемен, от бар жерде ойнамаңыз. Әрқашан да абай болып жүргенге ештеңе жетпейді.

Г.САЛИКОВА.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Сайт әкімшілігі

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика