"Денсаулық" пойызы ауданға келді

(0 Votes)

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сай республика көлемінде жоғары дәрежелі медициналық көмек алуға мүмкіндіктері жоқ елді мекендерге көмек көрсету мақсатындағы жоба бойынша 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап жолға шыққан «Денсаулық» арнайы мамандандырылған медициналық пойызы биылғы жылы да сапарын жалғастыруда.

Кеше Мақат теміржол вокзалына келіп тоқтаған №903/904 «Денсаулық» пойызын аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев, аудандық аурухана директоры Батырбек Оңдасынов бастаған аудан халқы салтанатты жағдайда қарсы алды. Халыққа медициналық қызмет көрсететін дәрігерлер мен пойыз қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Емдік-диагностикалық арнайы пойыз 26-30 қыркүйек аралығында аудан халқына медициналық көмек көрсетеді деп күтілуде. Медициналық қызмет көрсететін пойыздың бас дәрігері Әлия Абдушеваның айтуынша Алматы, Ақтөбе, Атырау клиникаларының білікті дәрігерлері мен Атырау теміржол ауруханасы дәрігерлері тұрғындарға сапалы медициналық көмек береді. Медициналық бригада құрамында 14 дәрігер, 3 оператор-статист, т.б. қызметпен қамтылған барлығы 24 маман бар. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған, оның ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық жүктеме сынақтарын жүргізу үшін кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген. Мәселен, 10 минут ішінде қан құрамын анықтап, рентген аппараттары жедел қызмет қорытындысын шығарып беруге мүмкіндігі бар. Пойыз Доссор кентіне 27 қыркүйек күні сағат 23:40-та қабылданып, 30 қыркүйекте сағат 04:10-да аттанып кетеді. Осы уақыт аралығында аудан тұрғындарының емдік-диагностикалық қызмет алуына мүмкіндік мол.

Л.НҰРБАЕВА.

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521