«Бірлік» және «Ынтымақ» ықшам аудандарына жол төселеді

(0 Votes)

Доссор кенті әкімі Асылбек Әбілғазиев мәдениет үйінде өткен жиында халық алдында есеп берді. Өткен жылы атқарған жұмыстардың нәтижесін баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды.

Аудан әкімі Шәкір Кейкінұлының төрағалығымен өткен жиынға кент әкімдері, мекеме және бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, ардагерлер мен кент тұрғындары қатысып, әкім есебін тыңдады.

whatsapp-image-2020-01-08-at-18_48_27

Мінберде сөз бастаған кент әкімі Асылбек Кондратұлы түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кенттегі атқарылып жатқан жұмыстарға рет-ретімен тоқталып, келелі істердің нәтижесін жұртшылыққа таныстырды.

whatsapp-image-2020-01-08-at-18_48_29

Мәселен, осы уақытқа дейін халық бір ауыздан көтеріп келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан кент әкімдігінде «өзіне-өзі қызмет көрсету» бөлімшесі ашылып, 4905 қызмет көрсетіліп үлгерген. Бұрын бұл қызмет түрі кент тұрғындарына әр аптаның бейсенбі күндері көрсетілсе, қазіргі таңда жұмыс күндері түске дейінгі уақытқа ыңғайластырылған. Тазалық мәселесі де қолға алынып, бүгінгі күні кентке 149 қоқыс жәшіктері алынып, орнату жұмыстары жүргізіліп жатырғаны белгілі болды. Дегенмен ауылда түйткілді мәселе лор, окулист, учаскелік дәрігер мамандарының жетіспеушілігі әлі де шешімін таппай отырғаны айтылды. Кент әкімі мамандарға сұраныс жіберіліп, дәрігерлерді кентке шақыру жұмыстары жүргізіліп жатырғанын жеткізді.  

 

whatsapp-image-2020-01-08-at-18_48_23 

Сондай-ақ, әкім кентте осы жылы жүзеге асатын жұмыстарды да таныстырып өтті. Соның бірі «Бірлік» және «Ынтымақ» ықшам аудандарына 16 км шақырым жол төселетінін айтып, тұрғындарды қуантты. Сонымен қатар, көшелерге егілген талдарды қоршау, «жиырма жеті үйлік» ықшам ауданын абаттандыру жұмыстары осы жылы кезегін күтуде. Тұрғындардың бірнеше жылдан бері қозғап келетін перрон мәселесі де биылғы жылы шешімін таппақ.      

Толығырақ газетіміздің №1 санынан оқи аласыз!     

 

 М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521