Рейдтік шаралар жалғасын тапты (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Батыр Бауыржан атамыздың "Тәртіпке бағынған құл болмайды",-деген сөзін санамыз әлі өз деңгейінде салмақтай алмай тұрғандай. Әсіресе, қазіргідей қарбалас кезіндегі белгіленген тәртіптің үтір-нүктесіне дейін ұғынықты болуы тұрғындар арасында әлі де мардымсыз. Бұған өткен аптаның жұмасында өткен рейдтік шара дәлел. Шараға ішкі істер бөліміне қолқабыс ету ниетімен бір топ еріктілеріміз де жолға шыққан еді.

Атырау облыстық бас санитарының қаулысы бойынша карантин кезінде кешкі сағат 23:00 ден кейін өз ошағымыздың басында болуға міндеттіміз. Тәртіп сақшыларының да, олармен бірге түсінік жұмыстарын жүргізіп жүрген еріктілердің де елден өтініп тұрып сұрайтыны сол. Түптеп келгенде, бұның барлығы өз саулығымыздың қауіпсіздігі екенін кейбір тұрғындарымыз түсінбей тіпті, ерікті жастарымыздың бұл әрекетіне дөрекілік танытып, дауыс көтергендері де табылыпты.

329502f2-cd31-41f4-92ed-0bbb170618c9


Кешкі сағат 10 мен 12-нің арасына дейін түсінік жұмыстарын жүргізген еріктілер, жасыл алаңда жиналған жастарды үйлеріне таратып, мезгілсіз уақытта жүргендерге ескерту қағаздарын үлестірді. Ескертуге құлақ аспай "өзіміз білеміз",- деп наразылық танытқандар айыппұлдан жалтара алмады.

Сенбі, жексенбі күндері де 26 тәртіп бұзушылық анықталған. Оның екеуі үйлерінде өткізілген тойға қатысты болса, бір дүкен мезгілсіз уақытта жұмыс жасаған.Сондай-ақ 6 автокөлік пен 17 жаяу жүргіншіге хаттама толтырылды. Осылайша бұған дейінгі тәртіп бұзушылықтың ұзын саны 90-ға жетті.

Басымызға төнген қатермен бірге күресуіміз үшін «бір жағадан бас» шығаруымыз керек. Ендеше, ескертуге құлақ асып, шеңберден шықпайық!

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521