“ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ” КОМАНДАСЫ - ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ

“ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ” КОМАНДАСЫ - ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ
(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына және 19 қазан – Құтқарушылар күні мерекесіне орай, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен, Мақат ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №8 өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен мекемелер арасында кіші аяқ добынан ашық турнир өтті.

Аталған турнир — салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа аудан көлеміндегі түрлі мекемелерден 8 команда қатысып, өзара әділ әрі тартысты ойындар өткізді.

Командалар шеберліктері мен ұйымшылдықтарын көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын паш етті.

Тартысты өткен турнир нәтижесінде І орынды “Төтенше жағдайлар бөлімі” командасы иеленсе, ІІ орынға «Атырау Жарық» командасы, ал ІІІ орынды Мақат аудандық әкімдік командасы қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар командалар арнайы алғыс хаттар және кубок, медальдармен марапатталды.

 

Ж.ҚАМЗА

Суретті түсірген: Б.СЕРІК

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT