Келешекке жол ашатын стратегиялық шешім

Келешекке жол ашатын стратегиялық шешім
фото: https://baq.kz
(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауында жастарға айрықша мән берілуі – болашаққа деген сенімді нығайтатын маңызды қадам. Мемлекет басшысы жастардың сапалы білім алуы, еңбек нарығында сұранысқа ие маман атануы және өз ісін дамытуы үшін жан-жақты қолдау қажет екенін нақты айтты.

Бұл — ел ертеңінің кепілі саналатын жас ұрпаққа жасалған зор инвестиция. Әсіресе, «Жасанды интеллект дәуіріне бейімделген жаңа буын кадрларын даярлау» бастамасы – уақыт талабына сай келетін әрі келешекке жол ашатын стратегиялық шешім.

Мұндай бағыттар — тек жастардың ғана емес, тұтас ұлттың бәсекеге қабілетті болашағына берік негіз қалайды. Заманауи технологияны меңгерген, жаңашыл ойлайтын, кәсібилігі жоғары жастар — Қазақстанның дамуының басты қозғаушы күшіне айналмақ.

 

Қ.Омаров,

кент тұрғыны

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT