Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайт ашылды. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады екен.
Бұл тәжірибе Түркия, Малайзия, Индонезия, БАӘ сынды бірқатар мұсылман мемлекеттерде бұрыннан қалыптасқан және дәстүрге айналған екен. «Бұл жүйенің басты ерекшелігі – құрбандық еті түгелдей мұқтаж жандарға таратылады. Онлайн құрбандық жүйесін ашудағы мақсат – халықтың құрбан шалуға деген қажеттілігін жүзеге асыру.
Осы кезге дейін азаматтар құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігіне ағайын-туыс, көрші-қолаңға айттық дастархан жаятын. Пандемия жағдайына байланысты биылғы онлайн құрбандық шалынғанда еттің үштен бірі берілмей, түгелдей мұқтаж жандарға үлестірілетін болады. Бұл - өте дұрыс қабылданған шешім деп білемін. Өйткені ниет еткен азаматтың ниеті орындалыс тапса, дұрысы - сол. Халық қашан да тығырықтан жол тауып, өзіне зиян келмейтін жағын ойластырғаны дұрыс. Сонда ғана біз қабылдаған шешімнің нәтижесін көре алатын боламыз.
Ерғазы ЖОЛАМАНОВ,
ауданның қоғамдық кеңес төрағасы,
ауданның құрметті азаматы