“МАҚАТ OPEN-2025” ОБЛЫСТЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

(0 Votes)

 Бүгін Бәйгетөбе спорт мектетебінде Мақат ауданы әкімдігі мен Атырау облыстық шахмат федерациясының ұйымдастыруымен «Мақат Open-2025» облыстық шахмат турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Турнир Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Салтанатты шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсел Қаржауова құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Ғ.Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясының ұжымына және турнирде төрелік ететін төрешілер мен шахмат бапкерлеріне аудан әкімінің арнайы алғыс хатын табыстады.

Құттықтаулар легін жалғаған «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының атқарушы директоры Назгүл Сапарғалиқызы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Тәжімұратов жарыстың маңыздылығына тоқталып өтті.

Айта кетейік, салауатты өмір салтын насихаттау, Мақат ауданында балалар мен жасөспірімдер шахматын дамыту, және шеберлігін арттыру, мақсатында ұйымдастырылған турнирде 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер және 15 жастан асқан шахматшылар бақ сынаспақ.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT