Еріктілер дәрігерлерге түскі ас әзірлеуде

(0 Votes)

Жақында ауданда волонтерлар штабы құрылып, қызу жұмысын бастап кетті. Еріктілердің басын біріктірген штабқа аудан белсендісі Әнуар Жеңісұлы жетекшілік етеді.

“Дәрігерлерге мың алғыс” акциясын жалғастырған еріктілер алғашқы шарасын аудандық ауруханада қауіпті індетпен арпалысып, өз бастарын қатерге тігіп жүрген дәрігерлерге қолдау көрсетіп бастады. Олар ақ халаттыларды түскі аспен қамтуда.

Еріктілер халықтан жиналған 46 мың теңге қаражатқа провизорлық стационарда үй көрмей жұмыс жасап жатқан медициналық топқа 5 күн ыстық тамақ жеткізіп тұруға шешім қабылдаған.

Мәзірде ыстық бірінші және екінші тамақтан бөлек жеміс-жидек, көкөніс және бәліштер бар. Тағамдар қайталанбайды. Ең бастысы – еріктілер тағамдарды өздері үйден дайындауда.

“Бүгін міне үшінші күн. Күнделікті ыстық тамақ дайындап апарудамыз. Мәзірге айран секілді сусындарды қосуды жоспарлап отырмыз. Бір ерекшелігі волонтерлар ешқандай қаражат сұрамастан тәтті тіске басарларды, бәліштерді өз еріктерімен пісіруде. Бір отбасыдай іске жұмыла кірісіп кеттік. Біз бірге барлығын жеңіп шығамыз”,- дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова.

Еріктілер күнделікті 14 адамға түскі уақытта ыстық тамақ жеткізеді. Бірлесе ұйымдастырған шараға дәрігерлер қауымы да ризашылықтарын білдіруде.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521