Республика күніне орай Атырау қаласындағы «Сарайшық» базарында тұрғындарға арналған «Жеңілдіктер түні» акциясы өтті.
Шара барысында қала тұрғындары азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Акцияның басты мақсаты – тұрғындарға тиімді сауда жасауға жағдай жасап, әлеуметтік қолдау көрсету болды.
Сонымен қатар, шара отандық өндірушілер мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін насихаттауға бағытталды.
Ақтілек Базарбаева