Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім беру саласын дамытуды басты назарға алды. Ол мұғалім мәртебесін көтеру, оқу бағдарламаларын заманауи талаптарға сай жаңарту, цифрлық және кәсіптік білімді күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда елдің өркендеуі сапалы біліммен тікелей байланысты. Ұстаздардың кәсіби деңгейін арттыру, ауыл мектептерін қолдау, жаңа білім инфрақұрылымын қалыптастыру — болашақ буынның жарқын келешегіне жол ашады.
Президент атап өткендей, білім алу үдерісі мектеппен шектелмейді. Цифрлық сауаттылық, IT-технологияларды игеру, шет тілдерін меңгеру мен кәсіптік дағдылар — заман талабы.
Білім беру жүйесі — елдің зияткерлік әлеуетінің негізі. Сол себепті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар жаңашылдыққа бейім болып, осы бағытта өз үлестерін қосуы аса маңызды.
Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде сапалы білім — табысты өмірдің кілті. Ендеше, білімге салынған әрбір инвестиция — жарқын болашаққа жасалған сенімді қадам.
С.Халенов,
ардагер