Бүгін Доссор кентіндегі Байбақты ата саябағында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушылары арасында «Біз буллингке қарсымыз» атты кең көлемдегі шара өтті.
Шараның басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне деген құрмет пен сенімді арттыру болды.
Аталмыш шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова буллингтің қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екендігіне тоқталып, оның алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Шара барысында ұлдар арасында ұлттық ойындар мен кедергілерден өту сайыстары өткізілді.
Ал қыздарға сойылған қойдың шекқарнын ашу, қазандықта ас әзірлеу және бауырсақ пісіру сынды ұлттық тағамдарды дайындау жолдарын аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Гауһар Нұрқасымова кеңінен түсіндіріп, тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында барлық қатысушыларға аудандық білім бөлімі атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Г.Жұбанышқалиева
Суреттер автордікі