ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
(0 Votes)

Бүгін Доссор мәдениет үйінде 19 – қазан Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Алдымен жиынға қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде ерлікпен қаза тапқан Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсел Қаржауова құтқарушыларды айтулы мерекемен құттықтап, төтенше жағдайлар кезінде халықты құтқарып, қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сала мамандарының еңбегін айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, тұрғындарымыздың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтық қорғаныс саласының бірқатар қызметкерлеріне аудан әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті.

Құттықтаулар легін жалғаған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жанболат Сатыбайыұлы сала ардагерлеріне арнайы марапат табыс етті.

Салтанатты іс-шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

Ә.ҚАСЫМ

Суретті түсірген: Б.СЕРІК

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT