Праймериздің дайындығы пысықталды

(0 Votes)

"Nur Otan" партиясының саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Гүлбиғаш Омарова ауданымызға іс-сапармен табан тіреді. Нұр-Сұлтан қаласынан келген мейманымызды алдымен аудан әкімі Шәкір Кейкин қарсы алып, жаңадан ашылған Жастар ресурстық орталығының ғимаратымен таныстырды.

Әрі қарай "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова сөз алып, праймериз төңірегіндегі дайындық шараларына тоқталды. Қонағымызды қарсы алғандардың қатарында ауданымыздың бетке ұстар жастары да бар. Олар да департамент директорының орынбасарына "қош келдіңіз" айтып көкейлерінде жүрген көп сауалдарды жолдады.

omaroba-1

Гүлбиғаш Жеңісбекқызы сонымен қатар, жақында орын алғалы тұрған саяси науқанның маңызы жоғары екенін тағы бір мәрте түсіндіріп, жалынды жастардың танымал болуға мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті. Алыстан "ат арытып" келген қонағымыздың негізгі көздегені сайлау алды дайындықты барлау болғандықтан кездесуден кейін негізгі шаруасына ойысты.

omaroba-2

Жастар орталығы мен аудандық мәдениет үйіндегі жария пікірсайыс орындарына барған ол, шара кезінде карантинге қатысты сақтық шараларының қатаң болуын пысықтап, дайындық жұмыстарына оң бағасын берді.

А.САДЫКОВ
Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521