«Менің көгершіндерім – шаттықтың иесі»

(0 Votes)

Біз бала кезімізден ақ көгершінді –бейбітшілік құсы, жақсылықтың нышаны деп білетінбіз.

Есімде қалғаны, барлық тәрбиелік шараларда ақ көгершіннің суретін салып, кеудемізге қадап, барымызша не үшін қадағанымызды айтып, қорғап шығатынбыз. Көгершіннің ниеті ақтығын, қызметі пәктігін білетін біз оны қолға үйретіп, бағуды еш ойымызға алмайтынбыз. Көгершіннің тілін ұғынып, күтіп-баптау үшін ерекше қабілет керек секілді болатын да тұратын. Ендеше, таныс болайық, мақаттық Темірғали Дәулетбаев–кәдуілгі кептерші. Оның құсқа құмартушылығы 7 жасында басталыпты. Әуелі ағасы бағады да, әскерге кетер алдында ауылдағы өзі құралпы балаларға таратып жібереді. Бірақ, қолға үйренген құстар үйге қайта оралады. Оралғандарын қорасына кіргізіп алған Темірғали оларды тығып өсіре береді. Сөйтіп, өзі де кептерші болып шыға келеді. Кейбір туыстары мен таныстары көгершіннің пайдасы жоқтығын, ол тек шығын әкелетінін айтқан кезде, ренжіп те қалады. Әрине, әр нәрсенің өз орны бар. -Көгершіндердің кей әрекеттерінен үлгі алуға болады. Олар ешқашан жұбын жазбайды. Ажырамай, бірге болады. Олар тазалықты сүйеді. Үсті ластанса, тұмсығымен бүкіл денесін тарап шығады. Менікі жабайы емес. Үй құсы болғандықтан, ол бағымға көнеді. Менде «Гурьевтік» көгершін бар. Мұны қарақұйрық деп те атайды. Аяғында жалбыраған жүні бар. Бұрын осыларды көптеп бағушы едім. Мұның тұқымы қымбат. Грибун тұқымының орны бөлек. Ол таза орыстың құсы деп саналады. Мойны ұзындау. Өте әдемі. Бәрінің де жалпы өзіндік орны бар. Оларды ерекше қадірлеп, күтемін. Мысалы, бұрын мүлдем Қазақстанда болмаған түрлерін өсіріп жатырмын. Бұлар Бакуден келген,- деп сипап қойды қолындағы әдемі құсты. Олардың әрқайсысы иесі қолына алған кезде бір түрлі дыбыс шығарып, көздері жаутаң қағып шыға келеді екен.

Мақаланы толығырақ газетіміздің №18 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521