Мерекелік шеру бірлік күніне арналды

(0 Votes)

Мақат ауданында орыс, кәріс, украин, неміс сынды 22 ұлт өкілдері ауыз біршілікпен тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Бүгінгі еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі «Бірлік» күнінде аудандағы жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір жандар жиналып, айтулы мерекені ерекше атап өтті. Орталық алаңда өткен мерекелік шарада түрлі ұлыс өкілдері ән айтып, би билеп, мереке көркін қыздырды. Мерекелік шарада аудан әкімі Жұмабай Қарағаев елдің тыныштығы мен татулығын тілге тиек етіп, көпшілікті ортақ мейраммен құттықтады. Биыл аталмыш мереке ауқымы мен ұйымдастыру тұрғысынан ерекшелікке толы болды. Ауданның барлық мекеме, ұйымдары «Татулық-достықтың киелі бесігі» атты мерекелік шеруге шықты. Осылайша ауданымызда мекендеген ұлт өкілдерінің мәдениеті бір сахна төрінде тоғысты. Мұнда концерттік бағдарламадан бөлек, түрлі спорттық көріністер ұйымдастырылды. Бейтішіліктің нышаны болған көгершін ұшырылып, қызыл-ала шарлар көкте қалықтады. Бірлік пен татулық, тыныштық пен бейбітшілік күнінде аудан тұрғындары әр ұлттың әні мен биіне, өнеріне қанық болып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Ең бастысы, көпшілік еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығын, халықтың ауызбіршілігін тілек етіп, бір-біріне ізгі ниеттерін білдірді.

Толығырақ газет бетінен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521