«Менің тамырым Доссорда»

(0 Votes)

“Бірлік болмай, тірлік болмас” деген аталы сөз бар. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Жыл сайын Қазақстан халқы 1 мамыр-ынтымақ пен бірлік күнін атап өтеді.

Бұл мейрамның орны ерекше. Атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Солардың қатарында доссорлық Галина Николаевна бар.

Галина Николаевна 1959 жылы Украинаның Одесса қаласында дүниеге келген. Ұлты – украин. Отбасында үш ағайынды. Арқа сүйер екі ағасы бар. 1977 жылы Қостанай қаласындағы Аман-Қарағай №101 училищесіне оқуға түсіп, дәнекерлеуші мамандығы бойынша бітіреді. Кейін, Қарағанды қаласында индустриалды педагогикалық техникумында білімін жетілдіреді. Осы жылдары өмірлік жары доссорлық Сейітқали Нұрқасымовты кездестіреді. Студенттік жылдары бір қалада, бір оқу орнында өткен екі жас 1981 жылы отбасын құруға бел буады. Осы жылы оқуды бітіріп, жас жұбайлар Доссорға аттанады. Осылайша Галина қазақ ауылында, қазақтың келіні атанады. Енесі Айман апай Галинаны өз қызындай көріп, нағыз қазақ келіні етіп шығарды деп жастық шағын жымия еске алды Галина апай.

Мақаланы толығырақ газетіміздің №18 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521