ЖАС ЗІЛТЕМІРШІЛЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ

(0 Votes)

Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы "Мақат ауданы əкімінің кубогі" республикалық турнирі өтті.

Турнир Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Əсел Шайзадақызы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш турнирге Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан, Жаңаөзен қаласы мен жерлестеріміз Мақат ауданының зілтеміршілері қатысты.

Жалпы сайыста 33 келі салмақ дәрежесінен +88 келі салмаққа дейін зілтеміршілер бақ сынады.

Нәтижесінде аудан атынан қатысқан 15 зілтеміршінің 3-еуі алтын, 3-еуі күміс, 1-еуі қола жүлдені еншіледі.

Жарыс жолындағы жеңімпаздар диплом, медальдармен және арнайы кубоктармен марапатталды.

С.Бекарыс

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT