МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Сурет: Автордікі
(0 Votes)

 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Мақат ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында аудандық спартакиада өтті.

Доссор балалар жасөспірімдер спорт кешенінде дүбірлі доданың ашылу салтанаты өтіп, қатысушылар волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, гір көтеру және футбол сынды спорттық ойын түрлерінен сынға түсті.

Жарыстың бағдарламасына сәйкес, қатысушылар алдымен волейбол ойынының кездесуін өткізді. Атап айтқанда, әлеуметтік сала, өндірістік сала және аудан әкімі аппараты, кент, округ әкімдерінің аппараты қызметкерлерінен құралған командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Нәтижесінде, барлық кездесулерде қарсыластарына дес бермей, мықты ойын көрсеткен «Болашақ» өндірістік сала командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, аудан әкімі аппараты және кент округ әкім аппараты қызметкерлерінен құралған «Намыс» командасы II, «Жігер» әлеуметтік сала командасы III орынды еншіледі.

Сондай-ақ, тоғызқұмалақтан ерлер арасында “Жігер” командасының ойыншысы Нұрлан Исполов I орынды жеңіп алса, II орынға “Намыс” командасының ойыншысы Болатбек Сәрсен тұрақтады.

 

Ал, әйелдер арасындағы тоғызқұмалақтан өткен жарыста I орынды бағы мен бабы келіскен “Намыс” командасынан Замира Длекеева еншілесе, II орынды “Жігер” командасынан Мейрамгүл Демегенова, III орынды “Болашақ” командасынан Махинұр Мусаева жеңіп алды.

Спартакиаданың екінші күнінде қатысушы командалар үстел теннисінен бақ сынады. Нақтырақ айтқанда, үстел теннисінен «Жігер» командасы қарсыласқа шақ келтірмей, жүлделі I орынды қанжығасына байласа, II орынға «Намыс», III орынға «Болашақ» командасы жайғасты.

Сонымен қатар, гір тасын көтеру бойынша «Жігер» командасы 30 ұпаймен жеңімпаз ретінде танылып, «Болашақ» командасы екінші, «Намыс» командасы үшінші орынға табан тіреді.

Одан бөлек, спартакиаданың жоспарына сай, мемлекеттік қызметшілерден құралған команда кіші аяқ доптан кездесу өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша «Жігер” командасы жеңімпаз атанып, “Намыс” командасы екінші, “Болашақ” командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Қорытындылай келе жалпы командалық есеппен “Жігер”командасы алға суырылып шығып тартысты доданың жеңімпазы атанса, “Намыс” командасы II, “Болашақ” командасы III орынды місе тұтты.

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаз атанған командалар мен ойыншылар аудан әкімінің арнайы дипломы және кубоктарымен марапатталды.

Айта кетейік, жеңімпаз команда облыстық іріктеуде бақ сынайтын болады.

Әсем ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521