Полиция қызметкерлері марапатталды

Полиция қызметкерлері марапатталды
(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде 23 маусым – Қазақстан Полициясы күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Шараның басы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов сала мамандарын құттықтап, бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.

Атап айтқанда аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қосқан үлестері үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Қанат Ізімов, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Еркін Ермағамбетов, құжаттамалық қамтамасыз ету тобының кеңсе технигі, қатардағы полицей Жайнагүл Құлан марапат биіген көрінді.

Одан әрі құттықтау тілегін жеткізген аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев полиция қызметінің ел өміріндегі алар орны орасан зор екендігін айтып, сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерге арнайы алғыс хат табыс етті.

Олардың қатарында Ішкі істер саласының ардагерлері Бағытжан Жолдыбаев және Нұрболат Қаршығаев, аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Ринат Исемгалиев аудандық полиция бөлімінің Тылдық қамтамасыз ету тобының полицейі, полиция аға сержанты Төлеухан Амангелдиев бар.

Сонымен қатар, шара барысында аудандық полиция бөлімі бастығы Талғат Амерханов 26 жыл бойы мінсіз қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан Таңат Кеңесұлын, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының жүргізуші полицейі, полиция кіші сержанты Нұртай Даумовты арнайы алғыс хатпен марапаттап, полиция лейтенаты Амангелді Ибатоллаұлына «Полиция аға лейтенаты» арнаулы атағын берді.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Жаннұр ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521