Медицина қызметі қолжетімді болуын қалаймыз

(0 Votes)

Қазақстандық медициналық қызмет сапасы жоғары талаптар деңгейінен көріне алмай келе жатқаны белгілі.

Қарапайым халықтың өз құқығын жете пайдаланбайтындығы жасы­­рын емес. Көп ретте бұл тұрғындар­дың елі­міз­дің заңдары мен ережелерін біл­­­­­мей­­­тіндігінің салдарынан болады. Ден­­сау­лық сақтау саласының бағ­дар­ла­ма­­лары мен ережелерін көпшіліктің біле бер­мейтіндігін пайдаланып, кейбір емдеу орындары тегін медицина­лық көмек түрлерінің қолжетімділігін қиын­­датып жіберетіні де  өкінішті-ақ.

Медициналық көмек көрсету­де мемлекеттік және жекеменшік ем­хана­лардың айырмашылығы жоқ. Халық­қа медициналық көмек көрсету емдеу мекемелерінің меншік түріне қара­мастан, клиникалық хаттамалармен, стандарттармен және тағы басқа елімізде қабылданған норматив­тік құқықтық актілерімен жүзеге асырылады. Жекеменшік емханалардың айырмашылығы қосымша сервистік қызмет көрсету ғана болып табылады.  Оның үстіне қазірдің өзінде жекеменшік емха­на­лардың саны да артып келеді.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында : «Үкімет бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет. Ол барынша мобильді әрі халықтың барлық тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Шалғай өңірлерде көліктік медицинаны жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет. Бұл үш жыл мерзімде ауылда тиімді денсаулық сақтауды қалыптастыруға көмектеседі», - деді. Бұл медицинаның мейлінше қолжетімді болуына септігін тигізеді деп үміттенеміз.

 Сонымен бірге, Президент барлық ауылдық елдімекендерді фельдшерлік-акушерлік пунктілермен және дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз етуді тапсырды.

К.Әділбекқызы,

ардагер ұстаз,

Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері,

Мақат аудандық аналар кеңесінің төрайымы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT