Мақаттық жастардың да мерейі үстем болды

(0 Votes)

«Дүние жүзін әбігерге салған коронавирус пандемиясына қарсы күрес мақсатымен жүзеге асырылған «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында «Nur Otan» партиясымен бірге халыққа қолдау көрсетуге волонтер ретінде белсене атсалысқаныңыз үшін Сізге зор алғысымды білдіремін»,- деп басталатын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатына ауданның бір топ белсенді жастары ие болды.

Марапатты жастарға «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шәкір Кейкин табыстап, оларға жылы лебізін білдірді. Еңбектерінің еленіп жатқанына дән риза болған белсенділер де өз кезегінде ел үшін еш аянып қалмайтынын айтып өтті.

788cc909-bd89-4328-acf2-eaf33e6c3fa8

Елбасы сондай-ақ, алғыс хаты арқылы халыққа қолдау көрсету жолынан тосылмаған жас өрен, волонтерлеріміздің бұл ісін жанқияр жанашырлыққа теңеп, Отанымызға деген сүйіспеншілік пен биік азаматтық ұстанымның көрінісі деп танитындығын жеткізді.

Қарбалас кезінде қара басының қамын ойламай, ағысқа қарсы жүзген асау балықтай бұлқынған жалынды жастарымыздың жігері мұқалмаса, ауыр сәттерді біз-сіз болып әлі-ақ артқа тастап шығарымыз анық.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT