Ауданға қажетті дәрі-дәрмек Ақтөбе қаласынан жеткізілмек

(0 Votes)

Бірнеше күннен бері аудан әкімдігінің телеграмм чатында тұрғындар дәріханаларда қажет дәрілердің мүлдем жоқ екенін айтып шағымдануда.

Біз оны анықтау үшін бірнеше дәріханаға бас сұққан болатынбыз, шынымен дәріханаларда қарапайым парацетамолдың өзі жоқ. Барлығында да кезегін күткен тұрғындарды байқадық. Біршамасы ыстық басатын қарапайым дәрінің жоқтығына наразы. Иә, елде инфекция жұқтырғандардың саны артқан сайын дәріханаларда керек препараттардың жоқтығы байқалуда. Індеттен шошынған жұрт жаппай дене қызуын түсіретін дәрі мен оны өлшейтін құралдарды талап алып қойған секілді.

Аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева бұл жағдай бақылауда екенін, жақын арада шешілетінін жеткізді.

«Дәрі-дәрмек аудан дәріханаларында жетіспеуі салдарынан халық қиын жағдайда екенін түсінеміз. Жергілікті атқарушы орган ретінде аудан дәріханаларын дәрі-дәрімекпен қамтитын желілік нысандарға байланысқа шығып, халық сұранысындағы дәрілерді жеткізуді қолға алдық. Атап айтсақ, Ақтөбе қаласындағы теміржол бөлімшесіне қарасты формацевтикалық орталыққа хабарласып, сұраныстағы дәрі-дәрмекті жеткізуді өтініп отырмыз. Келісім бойынша бүгінгі пойыз арқылы шығатын дәрі-дәрімек сәрсенбі күні Мақаттағы 15-ші дәріханаға сатылымға шығады деп күтілуде. Мақат ауданындағы өзге дәріханаларға алдымыздағы бейсенбі күні келеді деп жоспарлап отырмыз»,- дейді аудан әкімінің орынбасары.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521