Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні. Осындай атаулы күнмен игі бастама да тұспа тұс келді. Мақат ауданының 100 жылдығы қарсаңында және мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға жалдамалы 4 тұрғын үй қолданысқа беріліп, қоныс иелерін шаттыққа бөледі.
Атаулы шараға Мақат ауданының әкімі Ринат Хисаұлымен бір қатар атқа мінер азаматтар, ардагерлер қатысты. Мақат ауданының әкімі Ринат Хисаұлы Мақат ауданының 100 жылдығы және мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп жатырған баспана иегерлерін құттықтады. Президент Қасым Жомарт Кемелұлының қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын жақсарту керек деген сөздерін тілге тиек етіп, бәрі аудан тұрғындарының игілігі үшін жасалып жатырғандығын айтты.
Алғашқы тұрғын үй №9 –шы үй, 1-ші пәтердің иесі Асылзада Сатыбалдықызына берілді. Келесі баспана №9 –шы үй, 2-ші пәтердің иесі Ерешева Гүлмира Сүндетқызына берілді. Жаңа баспананың кілті №10 –шы үй, 1-ші пәтердің иесі Шамиянова Лена Қазанбайқызына табысталды. №10 –шы үй, 2-ші пәтердің иесі Бусурманов Беркін Хамзаұлына берілді.
Ж.ҚАМЗА