Кітапханада Алғыс айту күні аталып өтті

(0 Votes)
Кітапханада Алғыс айту күні аталып өтті
фото: Аудандық кітапханадан

Көктемнің алғашқы күнімен шуағын шашып келген мереке – Алғыс айту күні. Алғыс – адам жанын шаттыққа бөлеп, жан жылуын таратады. Осынау айтулы күнде аудандық кітапханада «Жан жылуын сыйлайын» атты мерекелік шара өтті. 

Шараның басында елімізде алғыс айту күнінің шығу тарихы тілге тиек етілді. Еске сала кетсек, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1-наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын.

Шара барысындағы әсем ән мен мың бұралған би кештің көркін қыздырды. Базарбай Жұлдызайдың орындауында «Қазақ биі» болса, Мақат аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Ишанғалиева Гаухар «Алғыс» әнімен көрерменнің көңілін көкке көтерді.

Мақат аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Жан жылуын сыйлайын» мерекелік концерті адам жанын рухани байытып, адами құндылықтарға баулыған тағылымы мол шара болды.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521