Ауданға сапары барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары жол мәселесі мен балабақша салу, жанар жағармай бекетінің тапшылығы, мектеп құрылысын жүргізу туралы мәселелерін айтты.
Қоғамдық қабылдауға келген ардагер Р.Мұхамбетов Мақат кенті 4-ауылында орналасқан №2 бастауыш мектепті орта мектепке ауыстырып, кеңейту жөніндегі ұсынысын айта келіпті.
Бұл кенттің аталған бөлігіне қоныстанған тұрғындар үшін, дәлірек айтқанда, мектеп оқушылары үшін тиімді болмақ деді ардагер. Қабылдау кезінде құзырлы орындарға тапсырма беріліп, мәселенің түйіні шешілетіндігін, дегенмен ағымдағы жыл еншісіне қаржылық талаптарға сәйкес енбегенмен, алдағы уақыт еншісіне таңыларына сенім білдірді.
Білім саласының ардагері Болдық Тағаниязова аудан орталығында балабақшаға сұраныс артып отырғанын, сондықтан балабақша құрылыстары жедел қолға алынған жағдайда, қажеттілікті өтеу мүмкіндігі молаятындығын айтты. Өңір басшысы мәселеге қанық басқарма басшыларына түсінік беруін тапсырды. Мәлім болғанындай, Мәселеге орай аудан көлемінде бірқатар жобалар бар екендігі, олардың бәрі де түрлі сатыдағы дайындық жұмыстарынан өтіп жатқандығы түсіндірілді. Мақат кентінен күні бүгінде 160 орындық екі балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.
Толығырақ газетіміздің №2 санынан оқи аласыз!
Г.Саликова
Суретті түсірген: М.Серікқызы