Мақат ауданында 220 түлек ҰБТ-ға қатысады

(0 Votes)

Ауданда ҰБТ маусым айының 21, 22, 23 күндері өтеді деп жоспарлануда. Биыл аудандағы 11 сыныпты аяқтаған 230 оқушының 220-сы, яғни 95,6 пайызы тестілеуге қатысуға өтініш берген.

ҰБТ-ға А.Құнанбаев атындағы орта мектебінен -15, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінен - 49, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінен -15, С.Шарипов атындағы мектеп интернатынан -15, Л.Шахатов атындағы орта мектебінен -24, М.Баймұханов атындағы орта мектебінен -35, Х.Санбаев атындағы орта мектебінен - 67 оқушы қатысады. Оның 177-сі қазақ тілінде, 43 оқушы - орыс тілінде тапсырады.

Л.Шахатов атындағы орта мектебінің үйден оқитын 1 оқушыға мүгедектігіне байланысты ҰБТ тапсыру үшін жеке кабинет (резерв) дайындалады. Білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда талапкерлердің қауіпсіздігі, тасымалдау жағы ұйымдастырылып жатыр. Атап айтсақ, ҰБТ-ға Мақат кентінен қатысатын 3 мектептен 126 оқушы 3 автобуспен және МАИ қызметкерлерінің бақылауы арқылы тасымалданады. Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген.

Б.Қанатбаев атындағы мектеп базасында ҰБТ өткізуге 10 орыннан 10 аудитория (2 резерв) жасақталған. Аудиторияның барлығы бірдей тестілеу барысын бақылайтын бейне камералармен жабдықталған. Сондай-ақ, 10 дана 4G ұялы телефон сигналын тұншықтырғыш құрылғылары мен онлайн трансляциялауға қажетті жүйелік блок жұмысы дайын тұр. ҰБТ өткізу барысында қажетті 1 жиектемелі (рамочный), 2 қолға ұстайтын металл іздегіш құрылғылар бар. Өздеріңізге белгілі, биыл ең басты мәселе вирустың таралуын болдырмау, санитарлық талаптарды қатаң сақтау болып отыр. Бұл тұрғыда да біршама жұмыстар атқарылуда. Мәселен, тестілеу өтетін күндері медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Аудиторияларға дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, дизхлор (20 қорап) тепловизор (2 дана), санитайзермен (20 дана) қамтылады. Тестілеу өткізілетін орынға зарарсыздандыру тунель орнатылып, ҰБТ тапсыратын 220 оқушының барлығы бір реттік маска және қолғаппен қамтамасыз етіледі. Биылдан бастап әрбір оқушының алдына калькулятор беріліп, бөлмеге Менделеев кестесі ілінеді. Бұрынғы тестілеу 3 сағат 50 минут болса, биыл оған қауіпсіздік ережесін сақтау үшін (маска ауыстыру т.б) тағы 10 минут уақыт қосылды. Осылайша тестілеу уақыты 4 сағатқа ұзартылды. Сондай-ақ, тестілеу қорытындысы сертификат қағаз жүзінде шықпайды. Электронды түрде базада сақталады. Оқушы оқуға тапсырар уақытта сол электронды сертификаттар пайдаланылады. Сонымен қатар ата-аналарға балаларын ҰБТ өткізу пунктінде күтуіне тыйым салынады. Ата-аналарға тестілеу өту барысын сол жерге келмей-ақ, үйінде отырып көруі үшін онлайн көрсетілімдер ұйымдастырылады.


М.Ізтұрғанова

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT