Маусым айының 17-18 аралығында «Түнгі қаладағы балалар» атты аудан көлемінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге арналған рейд ұйымдастырылды.
Жасөспірімдер қылмысының көпшілігі ата-ананың бақылауынсыз қалған түнгі уақытта орын алады. Тәртіп сақшылары осы іс-шара арқылы кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуды көздеді. Іс-шара барысында полиция бөлімінің жеке құрамының барлық қызметкерлері жұмылдырылып, кәмелетке толмағандардың мінез-құлық және демалыс орындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін, алкогольдік және темекі өнімдерін сатқаны үшін де кәсіпкерлік саласындағы қызметкерлерді анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында да тексерілді.
Рейд барысында жасы кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілді заңды өкілдерінсіз мекен-жайдан тыс жерде жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабынын 2 бөлігімен-12 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабынын 1 бөлігімен-1 хаттама толтырылып профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде заңдылықпен кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын сақтау қамтамсыз етіліп, ПБ-нің қызметкерлер тарапынан заң бұзуышылықтар анықталған жоқ.
К.Серикбаева,
Мақат АПБ ЖПҚб ЮПТ КТІЖ инспекторы
полиция аға лейтенанты
Сурет: ашық дереккөз