Кімге сенуге болады?

(0 Votes)

Қазіргі таңда құрылыс компаниялары тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын аяқтамастан әлеуметтік желілер арқылы салынып жатырған объектілерін жариялап, пәтерлер сатып алу туралы ақпараттарды кең таратуда.

Осындай жарнамаға сеніп үлескер ретінде көптеген азаматтар салым салуда. Өз кезегінде сатылған тұрғын үйлердің құрылысы аяқталмаған жағдайда халық арасында түсініспеушілік туындауда.

Осы орайда, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылы 7 сәуірдегі №486-V Заң талаптарына сәйкес уәкілетті компания банкрот болған жағдайда үлескер көппәтерлі тұрғын үй аяқтау үшін Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрлысы корпоративін құрады.

Осындай әрекеттерден көбіне көп салымшы өз құқығын білмеген жағдайда сұрақтарына жауап іздеп жергілікті атқарушы органдардан көмек іздейді.
Алдағы уақытта құрылыс компаниялармен салымшы ретінде келісім-шарт жасақтау кезінде компанияның нарықтағы имиджіне, тарихына көңіл бөлу, зерделеу ұсынылады.

Сонымен қатар, республика аумағында кепілді тұрғын үйге салымшы ретінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның (әрі қарай - Банк) облыстық филиалына шот ашып салымшы болуға болады. Барлық тұрғын үйге қатысты ақпаратты осы банктің өкілдері аудандарға шығып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келуде.

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521