ҰЛЫ ТАРИХ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы Ұлттық құрылтайдың V отырысында маңызды мәселелерді көтеріп, батыл әрі тарихи шешімдер қабылдады.

Соның ішінде Қазақстан тарихына арналған жеті томдық академиялық еңбекті жарыққа шығару туралы бастама – ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған маңызды әрі уақыт талабына сай қадам. 

Бұл еңбек отандық тарихты жүйелі түрде зерделеп қана қоймай, халқымыздың терең тамырын, жалпытүркілік өркениеттегі орнын және әлемдік тарихпен байланысын анықтап береді. Еңбектің ғылыми маңыздылығы – заманауи зерттеу әдістерінің кеңінен қолданылуында.

Сонымен қатар, ресейлік және басқа елдердің ғалымдарымен бірлескен жұмыс жүргізілуі еңбектің халықаралық деңгейдегі ғылыми салмағын арттырады. «Ұлы Алтай – түріктердің атамекені» тақырыбындағы халықаралық конференцияны өткізу жоспарланып отырғаны да тарихи мәселелерді жаңа көзқараспен талқылауға мүмкіндік береді.

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында жарық көруі жоспарланған бұл жеті томдық жинақ жас ұрпақтың тарихи жадысын қалыптастырып, белсенді патриотизмді тәрбиелеуге зор үлес қосады. Өткенін терең таныған ұлт қана болашағына сенімді қадам жасай алады.

Орақ ДЕҢГЕЛБАЕВ, 

өлкетанушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT