«Үнемді тұтыну»: Оқушыларға арналған экологиялық сабақ өтті

(0 Votes)

Атырау қаласындағы №50 жалпы орта білім беретін мектепте эко сабақ өтті. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Үнемді тұтыну» тақырыбы бойынша өткен сабатың негізгі мақсаты - оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды насихаттау және ресурстарды ұқыпты пайдалануға баулу.

 

Эко сабақ кезінде оқушыларға су ресурсын үнемдеу, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық қауіпсіздік және салауатты өмір салтының маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Тіршілік көзі санлатын – судың дам өміріндегі маңызы және күнделікті тұтыну, ысырап етпеу дағдылары туралы айтылды.  

 

Мәселен, жер шарындағы судың шамамен 97 пайызы тұзды, яғни ішуге жарамсыз. Ал небәрі 3 пайызы ғана тұщы су қоры болып саналады. Оның өзінде қолжетімді, пайдалануға болатын таза ауыз су көлемі одан да аз. Бұл – су ресурстарының шектеулі екенін көрсететін маңызды дерек.

Жыл өткен сайын өзен-көлдердің тартылуы, су көздерінің ластануы және климаттың өзгеруі салдарынан тұщы су қоры азайып келеді. Кейбір аймақтарда жауын-шашынның азаюы, ауа температурасының көтерілуі су көздеріне тікелей әсер етуде. Сонымен қатар суды тиімсіз пайдалану мен ысырапшылдық та бұл мәселені ушықтырып отыр. 

«Ұйымдастырылып отырған бұл шаралар жас ұрпақтың экологиялық санасын арттыруға, табиғатты аялауға және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам дейді, бастауыш сынып мұғалімі Айсұлу Ихсанова. 

Осылайша, экологиялық тәрбие беру арқылы мектеп ұжымы оқушылардың қоршаған ортаға жанашыр көзқарасын дамытуға және қоғамда тұрақты даму құндылықтарын орнықтыруға үлес қоспақ. Сонымен қатар мектеп аумағында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған арнайы акцилар ұйымдастырылады.

 

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT