Экологиялық мәдениет - болашақ кепілі

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау және тұрғындардың экологиялық санасын арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Бұл акция арқылы әрбір азамат өз ауласын, көшелерді және қоғамдық орындарды тазалап, қоршаған ортаның көркеюіне нақты үлес қосуда. Тазалық – тек бір күндік науқан емес, ол күнделікті дағдыға айналуы тиіс игі іс.

Мақат ауданында да аталмыш экологиялық акция қарқынды түрде өтіп жатыр. Әсіресе коммуналдық сала қызметкерлері көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық орындарды толассыз жауған қар мен тұрмыстық қалдықтардан тазалау жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.

Нәтижесінде ауданның келбеті күннен-күнге жаңарып, көріктене түсуде. Акция аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер белсенділік танытуда.

Бұл тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, ортақ жауапкершілікті сезінуге жол ашады.

Тазалық табалдырықтан басталады десек, әр адам өз ауласынан, өз көшесінен бастаса, тұтас ауданның, тіпті елдің экологиялық жағдайы жақсарары сөзсіз.

MT

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT