Көжесі бал татыған Бибіажар әжей

(0 Votes)

Наурыз – халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басына санаған жасампаз бірлік пен береке мейрамы.

Жыл басы жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзге де ұлттық тағамдармен қоса, міндетті түрде наурыз көже пісіріледі. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады. Бұл тағамның жеті түрлі дәмнен әзірленетінін бәріміз жақсы білеміз. Алайда, көжені әркім әрқалай пісіреді. Дәмге қосатын дәнді дақылдарды да әркім өз қалауымен салады: бірі бидай, бірі арпа салып жатса, енді біреулер жүгері, күріш, қарақұмық қосады, әйтеуір талғамымен таңдандырып, дәмді етіп әзірлейді. Кейбір аналарымыз құртты езіп, малта салса, енді бірі айран, қатық құяды. Сондықтан болар, әр үйдің Наурыз көжесі бір-біріне ұқсамайды. Осыны алға тартып, біз де мереке қарсаңында көпті көрген, тірліктегі тәжірибесі мол әжей дайындаған мерекелік сусынның дәмін татып, оның дайындау әдісі мен ерекше құрамын біліп қайттық.

Ат басын ақ жаулығы басынан түспейтін, сөзінен парасат пайымы сезілетін, иманы жүзінен мейірім боп төгілетін Бибіажар Өтеуова апамыздың шаңырағына бұрдық. 6 баладан, 20 немере-жиен сүйіп отырған апамыздың Наурыз көже дайындауда өзіндік рецептісі бар. Оның көжесіне сүрленген ет пен май, тары, талқан, құрт, тұз, сүт және су осылай жеті түрлі дәм қосылады.

b1b6a5a1-0adf-4cae-b837-80c0338428e1

«Негізі, соғым сойған уақытта Наурызға деп етті арнайы дайындап қоямын. Өйткені, қыстан қалған соғымнан, сүрленген еттен сорпаның да, ондай сорпаға пісірілген көженің де дәмі ерекше болады. Ет асылып жатқанда сәйкесінше тұз, май, дәнді-дақылдарды саламын. Дәнді-дақыл дегенде, арнайы бір дақылдарды емес, үйде барын, қосамын. Кейін бұршақ дақылдарын қосып, араластырып, пісіремін. Дайын болған көжеге құрт қосамын. Осылайша, 7 түрлі дәмнен Наурыз көже әзірлеймін»,- дейді Бибіажар әжей.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!


М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521