Ирина - қазақ келіні

(0 Votes)

Тағдырдың сан алуан соқпақ жолдары бір кездері ұлы даланың төсін түрлі ұлт өкілдерімен толықтырды.

Біздің ауданда да өзге ұлт өкілдері жетерлік. Жергілікті жұртшылықпен біте қайнасып, елдің өркендеуіне өз үлестерін тигізіп жүрген ұлттардың атауы ғана өзге демесеңіз, бәрі де өз бауырымыздай  болып кеткені жасырын емес. Сондай жанның бірі бүгінде Л.Шахатов атындағы орта мектептің бастауыш сыныбында орыс тілінен дәріс беретін Мұсағалиева Ирина Михаилқызы. Ұстаздық етуден жалықпай жүрген  Иринаның қайнап жатқан жұмыс  уақытынан бес минутын бөлуді өтіндік. 

1982 жылы  Мақат кентінде дүниеге келген ол өзін  марийлықпын деп таныстырды.

Бүгінде қазақ жанұясының түтінін түтетіп отырған Ирина қос тілді де жетік меңгергенін әңгіме барысында аңғарып қалдық. ПМС елді мекенінің сонау құрылып жатқан тұсында қоныс аударып келген ата-анасы бүгінде бақилық болған. Ашық аспанның астында бір үйдің баласындай ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің атынан жас ұстаздың айтары да жоқ емес:
 " Көктемнің шуақты алғашқы күні елімізде Алғыс айту күні ретінде аталып өтеді. Бұл күнді біз достық пен жылулықтың жарқын үлгісіндей қабылдай отырып , қиын шақтарда түрлі ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ еліне шынайы алғысымды білдіремін. Қайсібіріміз үшін Қазақстан  мәңгілік отанына айналды. Сондай-ақ, осынау жарқын сәтті пайдалана отырып, елімізге тыныштық, құт-береке тілеймін. Өскелең ұрпақтың келешегі жарқын болсын!"

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT