Жүйелі істің соңы нәтижелі болады

(0 Votes)

Бір атақты философ  «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деген екен. Демек әркім денсаулығына ерекше мән беріп, ең алдымен өзі жауапты болуы керек. Ал өмір есігін жаңа ашқан сәбидің денсаулығына кім жауапты?

Мәселе өткен аптада аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысында талқыланды.

Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Оксана Айкашева төрағалық етіп, кеңес мүшелері қатысып отырды.

img_7197

Басқосуда  мәлім болғанындай, өткен жылы екпе жұмысы 98% жүргізілген. Десек те, балаларына екпе алудан бас тартқан ата-аналар саны азаймай отыр. 82 баланың ата-анасы балаларына екпе алудан бас тартқан. Оның 56-ы діни көзқарастарына орай екпені теріс санаушылар отбасынан болып отыр. 4-уі вакцина құрамына сенбеушілік және 22-і жеке көзқарас.

2019 жылы соңғы айларында туған 2 бала перзентханада ата-анасының қарсылығына қарай ВГВ,БЦЖ екпесі салынбаған.

Аудандық орталық аурухана директоры Батырбек Оңдасыновтың айтуы бойынша, дәрігерлер екпе салдырудың пайдасын айтудай-ақ айтып жатыр. 

Бірақ, екпеге қарсылар тарапынан  вакцинаның сапасы мен қауіп­сіз­дігіне күдік келтірушілер көбейіп отыр. Ал дәрі­гер­лер елімізде қолданылатын екпе­лер­дің сапасына күмән келтірудің қажеті жоқ екенін айтып-ақ келеді. Ел аумағына сырттан әкелінетін екпенің барлығы да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатына ие. Вакциналар елге келісімен республикалық имму­но­биологиялық зертханада тексеруд­ен өтіп, сапасы мен қауіпсіздігі тек­се­ріледі екен. Ауданымызда тіпті екпеге қарсылық білдірген тұрғындармен түсінік жұмыстары арнайы құрылған топтар арқылы да жүзеге асып отыр.

Кеңес отырысында Мақат, Доссор кенттерінде және Бәйгетөбе ауылдық округінде екпемен қамту, оған қарсылық білдірген ата-аналармен жұмыс барысы туралы кент әкімдігінің мамандары баяндап өтті.

Толығырақ газетіміздің № 9 санынан оқи аласыз!

 

Г.САЛИКОВА,

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT