Есіңде ме, сол бір кез?...

(0 Votes)

Өткенсіз бүгініміз жоқ. Кез келген халық өзінің тарихын келешекке сабақтап, ұлт құндылықтарын қастерлеу арқылы рухын қалыптастырады.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғырту бағытындағы жобалар арқылы серпілуге мүмкіндік ашты.

Халқымыздың сан ғасырлық мол тәжірибесі, танымдық мұрасы – баға жетпес асыл қазынасына айналды. Мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы, ұлттық болмысымен тарих қатпарында қаланды. Мұны қазақ киноиндустриясының алтын қорында сақталған таспаларды айналдыру арқылы айқын аңғарамыз. Сондықтан, ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмыт қалдырмай, дәріптеу бүгінгі ұрпақ үлесінде.

Биыл 95 жылдық тарихын парақтағалы отырған мұнайлы ауданымызда жоспарлаған келелі істері келбетімізді танытады деген ойдамыз. Аудан басшысы Жұмабай Қарағаевтың бастамасымен ретро-дәстүрімізге шегініс жасап, алтын қорда сақталған «Менің атым Қожа», «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек», «Ботагөз», «Абай әні», т.б. қазақ киноларын мәдениет үйлеріндегі лед экрандардан тамашалауға мүмкіндік жасалмақ. Бұл бастама ақпан айының 15-нен бастап қолға алыну жоспарланып, әр аптаның жұма, сенбі күндері үлкендер үшін кешкі сағат 19:00-де, сенбі, жексенбі күндері балалар үшін күндізгі сағат 15:00-де фильмдер қолжетімді бағамен көрсетіле бастайды. Киноға кіру билеттерінің құны үлкендерге 100 теңге, балаларға 50 теңгеден көрерменіне рухани кеш сыйлайды деген үміттеміз.

КЕЛІҢІЗДЕР, КӨРІҢІЗДЕР, ТАМАШАЛАҢЫЗДАР!!!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521